Құрметті ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жарандар!
Сіздерді балаларымыз Ерлан мен Аружан шаңырақ көтеру құрметіне арналған салтанатты ақ дастарханымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз!
Келіп, қуанышымызға ортақ болыңыздар!
Шақыру шаблондары
Тойға, асқа, қыз ұзатуға, мерейтойға, сүндет тойға және тұсаукесерге арналған 3 дизайн. Шаблонды таңдап, есімдерді, күнді және мекенжайды жазасыз, 5 минуттан кейін сілтеме дайын.
Тегін · қазақша және орысша
Шаблонды таңдау →3 дизайн
Алтын шымылдықҚою жасыл және алтын, ою-өрнекті перде, «Ашу» медальоны
Ақ конвертМөрі бар қағаз конверт және дала қызғалдақтары
Дала кешіКештегі дала мен Алатау, кино сияқты ашыладыАсқа арналған шақыру әр дизайнда сабырлы түрде ашылады: музыкасыз және анимациясыз.
Шара бойынша
Тойға шақыру мәтінінің үлгісі
Жиі қойылатын сұрақтар
Шақыру тегін бе?
Иә, негізгі шақыру тегін. Төменде «жасалған: shaqyru.aidardev.kz» деген кішкентай белгі тұрады, оны 3 000 ₸-ге алып тастауға болады.
Қонақтар қалай жауап береді?
Шақырудағы «Келемін» батырмасын басып, атын және неше адам келетінін жазады. Жауаптар сіздің кабинетіңізде жиналады, тізімді Excel-ге жүктеп алуға болады.
Шақыруды кейін өзгертуге бола ма?
Иә, кабинеттен мәтінді, күнді және мекенжайды кез келген уақытта түзете аласыз. Сілтеме өзгермейді.